Мемлекеттік қызмет «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»

29.03.2025

Құрметті қызметалушылар, ата-аналар!

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтандыру» мемлекеттік қызметін алу үшін мынадай құжаттар қажет:                        

1. Өтініш формасы;

2. Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3. Туу туралы куәлік – көп балалы отбасы балалары үшін немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін)
4. Қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтама – отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
5. Мүгедектік туралы анықтамалар – мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға немесе психологтың, дәрігерлік-педагогикалық консультацияның қорытындысына – дамуында ауытқуы бар балаларға;
6. Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасы балалары үшiн жергiлiктi атқарушы органдар көрсететін мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушы болып табылатынын растайтын анықтамалар;
7. Алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік және өзге де қызметтен түскен табыстары, балаларына және асырауындағы басқа да адамдарға алимент түріндегі кірістер) – жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балалары үшін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
3) www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу