168 Буйрык 30.04.2020

«COVID-19 коронавирустық инфекция

кезеңінде қашықтықтан білім беру

технологияларына оқу процесін

көшіру кезінде білім беру сапасын

қамтамасыз ету жөніндегі қосымша

шаралар туралы» Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым

министрінің  2020 жылғы 8 сәуірдегі

№ 135 бұйрығына өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші  абзацпен толықтырылсын:

          Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (2-қосымша);

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда:

17-тармақ алынып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті  (М.Т. Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                          А. Аймағамбетов