Оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ата-ананың рөлі
Құрметті ата-аналар!
Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер балалардың өмірінде үлкен орын алады. Онда олар сөйлеседі, жаңа достар табады, түрлі ақпарат алады. Алайда дәл осы виртуалды кеңістікте жасөспірімдер қауіпті адамдармен және зиянды идеялармен бетпе-бет келуі мүмкін.
Баланы қорғау үшін маңыздысы:
оның достары мен жаңа таныстарына назар аудару;
әлеуметтік желідегі байланыстары мен белсенділігін бақылау;
балалармен жиі сөйлесіп, сенімге толы орта қалыптастыру;
интернеттегі ақпараттың бәрі дұрыс емес екенін түсіндіру.
Сіздің назарыңыз бен қамқорлығыңыз – жасөспірімдерді экстремистік және террористік топтарға тартылудан қорғаудың ең тиімді жолы.
Балаларыңыздың болашағын бірге қорғайық!